БАӘ министрі Astana AI Film Festival фестивалін жасанды интеллект мүмкіндіктерінің мысалы ретінде атады

Жаңалықтар
view 35
news

Фото: Ресми дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктерінің жасанды интеллект жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Олама Абу-Дабиде өткен AI Everything жаһандық саммитінде қазақстандық Astana AI Film Festival фестиваліне тоқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, ол Қазақстанға сапары барысында фестивальге қатысқан. Ол жасанды интеллект көмегімен бір адамның бұрын үлкен шығармашылық топты және миллиондаған долларды қажет ететін фильм немесе басқа да контентті өз бетінше жасауға мүмкіндік алғанын атап өтті.

Омар Әл-Оламаның пікірінше, мұндай технологиялар адамдардың өзін шығармашылық тұрғыда таныту тәсілін өзгертіп, контенттен табыс табудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл үшін міндетті түрде инфлюенсер болу қажет емес.

Айта кетейік, алғашқы Astana AI Film Festival фестиваліне әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрады.

Дереккөз: Khaleej Times

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *