Амилай әскерге жарамды ма?: Алматы Қорғаныс департаменті жауап берді

Жаңалықтар
view 1070
news

Фото: amilai_vip инстаграм парақшасынан

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті трансгендер Амилайдың әскерге шақырылуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды janabastau.kz. 

2 желтоқсанда ол Медеу ауданының Қорғаныс істері басқармасына шақырылды. Аталған басқарма материал жарияланғаннан кейін бір тәуліктен соң, трансгендердің әскерге шақырылуы туралы түсініктеме берді. Олар әскерге шақыру заңнама аясында жүргізілетінін айтты, деп жазады orda.kz.

«Шақырту қағаздары барлық әскерге шақырылуға жататын азаматтарға әлеуметтік мәртебесіне, қызмет түріне немесе басқа факторларға қарамастан жіберіледі. 2000 жылы туған Б. азаматы Қорғаныс істері басқармасына стандартты хабарландыру тәртібі бойынша шақырылды. Ол әскерге жарамды ма, жоқ па, бұл медициналық тексеру нәтижелері мен ұсынылған құжаттар негізінде шешіледі. Алматы қаласының Қорғаныс департаменті теңдік және заңға сәйкес жұмыс істеу қағидаттарын ұстанатынын атап өтеміз. Барлық азамат үшін бірдей тәртіп қолданылады», – деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, блогер Амилай Баймуратова (шын аты — Абылай Баймуратов) әскерге шақырту қағазын алғаны белгілі болды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *