Таиландта жоғалған қазақстандық рэпер табылды (видео)
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Таиландта жоғалып кетті делінген рэпер Кисло-Сладкий (шын есімі – Дархан Жұмабек) аман-есен табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.
"Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", - делінген жазбада. Telegram-дағы SHOT арнасының хабарлауынша, әртіс Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының айтуынша, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.
Айта кетейік, жақында қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Соған байланысты ол миграциялық полицияға жүгінген.
Пікірлер (0)