Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Жаңалықтар
view 96
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртенді. Салдарынан үш адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала.

"19 маусымда сағат 22:55-те 112 пультіне Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының аумағында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түст", - делінген ТЖД хабарламасында. 

Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді. 

Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Оқиғаны жою жұмыстарына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарын қоса алғанда, ТЖД-ның 50 ге жуық қызметкері және 10-нан астам техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *