«Анамның орны ойсырап тұрса да, жоқтатпауға тырысамын»: Дәулет Мұқаев нағашыларын көрсетіп, елді жылатты
Сурет: Ашық дереккөзден
Депутат Дәулет Мұқаев анасының орнын жоқтатпай, нағашыларымен бас қосты. Он бір ұрпақты жеткізген ата-әжесіне естелік жазба арнады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Алтын нағашыларым. Мен өз ата-әжемді көрмегенмін. Ерте қайтқан. Ал нағашы ата-әжемді көргенмін. Ақылын тыңдап, батасын алған немерелердің қатарынанмын. Бала кезде ауылға барған сайын үнемі атамның алдында төрде отыратынмын. Нағашы атам Кәкімсейіт Ақкешеұлы өте танымал жылқышы болған. 8 жасымда атам қайтса, 11 жасымда әжем қайтты. Екеуі өмірге 11 бала дүние әкелген. Нұрғалым әжем алтын құрсақты ана. Екеуі ерте шетінеп кеткен» – деп жазады Мұқаев.
Сөзін жалғастыра келе былтыр анасы қайтқанын еске алып, оның орнын жоқтатпай жүруге барын салып жүргенін жеткізді.

«Менің анам өткен жылы қайтты. Бүгін наурыз мерекесіне әрі ауызашарға орай Кәкімсейіт атамның ұрпақтары арнайы жиналып, ата-әжемізге, анама Құран бағыштадық. Марқұмдардың жатқан жері жайлы болсын.
Видеода Кәкімсейіт атаның балалары. Бір анадан туған жандар Анамның орны қанша жерден ойсырап тұрса да, жоқтатпауға тырысып жүремін. Видеода анам тұру керек жерде, мен тұрмын. Нағашылар, аман болыңыздар», – деп түйіндеді депутат.
Пікірлер (0)