Ақ халатты алдаушы: Атбасар дәрігері 1,5 млн теңге үшін сотталды

Жаңалықтар
view 63
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Атбасар аудандық соты науқастың туысын алдап, 1,5 млн теңге алған дәрігерге қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың шілдесінде Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының терапиялық бөлімін уақытша басқарған дәрігер Р. ауыр халде түскен науқасқа «Астанадағы №2 қалалық ауруханада ақылы ем алу қажет» деген ұсыныс жасаған.

Алайда дәрігер науқастың тегін медициналық көмекке құқығы барын біле тұра, ешқандай келісімсіз науқастың туысын алдап, 1,5 млн теңге талап еткен. Нәтижесінде жәбірленуші бір күнде 500 мың теңгені, ертесінде қалған 1 млн теңгені дәрігердің есепшотына аударған.

Сот дерегінше, айыпталушының кінәсі өз мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және дәлелдемелермен расталды.

Судья дәрігердің шын жүректен өкінуін жеңілдететін жайт ретінде ескеріп, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, үш жыл бойы медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *