Антикордың экс-басшысы Қожамжаровқа қатысты іс қозғалды

Жаңалықтар
view 60
news

Сурет: senate.parlam.kz

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және әртүрлі кезеңдерде басшылық қызметтер атқарған кезде қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша айып тағылып отыр.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *