Қайша Керей: «Шыңжаң қазақтары өз паспортын ала алмай отыр»

Жаңалықтар
view 492
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Кәсіпкер Қайша Керей әлеуметтік желідегі жазбасында енесінің Қазақстанға келе алмай отырғанын айтты, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, енесіне жергілікті билік төлқұжат бермей қойғандықтан, елге оралу мүмкін болмай отыр.

Қытай азаматтары Қазақстанға келіп, жер сатып алып, зауыт салып, тіпті азаматтық алып жатыр. Ал Шыңжаңдағы қазақтар өз төлқұжатын ала алмай отыр. Бұл – үлкен қайшылық, – деді ол.

Кәсіпкер жағдайға алаңдаушылық білдіріп, «достық жайлы айтылғанмен, іс жүзінде мүлде басқа әрекеттер жасалып жатқанын» атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *