Зеленский Мәскеуге барудан бас тартты
Жаңалықтар
82
Сурет: rus.tvnet.lv
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде кездесу өткізу туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Janabastau.kz.
ABC News мәліметінше, Зеленский Мәскеуге бару орынсыз екенін айтып, келіссөздерді Украинада немесе бейтарап елде өткізуге дайын екенін жеткізді.
«Мен Мәскеуге бара алмаймын, себебі елім күн сайын зымырандық шабуылдарға ұшырап жатыр. Бұл жағдайда Ресей астанасына бару қолайсыз», – деді Украина президенті.
Зеленскийдің пікірінше, Путиннің ұсынысы кездесуді кейінге қалдыру үшін жасалған.
Украина Сыртқы істер министрлігі Австрия, Ватикан, Швейцария, Түркия және Парсы шығанағы елдерінің келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін хабарлады.
Пікірлер (0)