«95% халық орысша сөйлейді» – Абаевтың сөзін депутат ауыр айып санады

Жаңалықтар
view 273
news

Фотосурет: Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соңғы күндері қоғамда қызу талқыға түскен Дәурен Абаевтың тілге қатысты мәлімдемесіне қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Халықтың 95 пайызы орысша сөйлейді» деген сөз – ұят қана емес, ауыр айып. Тіл саясатын ойыншық етуге болмайды. Қазақ тілін қорғамау – тілдің бетіне түкіргенмен тең. Мұны өз қандасыңның аузынан есту жанға батады. Ал мемлекет атынан сөйлейтін адамның айтуы – екі есе ауыр, – деді депутат.

Сонымен қатар Абзал Құспан мұндай пікірлердің дипломатиялық астарына да тоқталды. Оның айтуынша, кейде елшілер өзге елде татулықты сақтау үшін кей ойды жұмсартып айтуы мүмкін.

Бірақ оны басқа түрде жеткізуге болар еді. Сондықтан бұл пікірмен келіспеймін. Ұят болды, – деп түйіндеді ол сөзін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *