Үш рет сатылмай қалған зәулім үйдің жаңа қожайыны белгілі болды
Сурет: dauletten.kz
Астанадағы Нұра ауданы, Қараөткел ықшамауданында орналасқан зәулім үй Оқу-ағарту министрлігінің балансына берілді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Министрліктің мәліметінше, нысан ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған орталыққа айналады. Бұл шешім мұндай балалар санының артуына байланысты қабылданған.

«Негізгі орталық Алматыдағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта орналасады. Ал өзге өңірлерде, соның ішінде Астанада да филиалдар ашылады. Бұл бірыңғай әдістемелік жүйе қалыптастыруға, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді министрлік өкілдері.
Аталған үй бұған дейін Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында болған. Ол 1,6 млрд теңге бастапқы бағамен үш рет аукционға шығарылғанымен, сатып алушы табылмаған еді.
Еске сала кетейік, осыған дейінгі аукциондарда экс-премьер Кәрім Мәсімовке тиесілі монеталар, әшекейлер мен қылыштар сатылған еді.
Пікірлер (0)