«Ақнәрдің анасы туралы шындықты ел білуі керек»: Қытайда үндеу жасаған әйел Гүлстан Хамитті айыптады
Сурет: Ашық дереккөзден
Жұмбақ жағдайда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің анасы — Гүлстан Хамитке қатысты бұрын-соңды айтылмаған айыптау пайда болды. Үндеу жасаған әйел Ақнәрдың анасымен Қытайда бірге жұмыс істеген деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі Qaz365.kz порталына сілтеп.
Куәгер Гүлстан Хамиттің әділетсіз әрекетке барған жайлы да айтады.

«Менің күйеуім Құрмет сол мекемеде қатардағы қызметкер еді. Бірде ол жұмысқа ішімдік ішкен күйінде келді. Бұл бір реттік жағдай болса да, Гүлстан оның алты айлық жалақысын бермей қойды», – дейді әйел.
Отбасындағы қиындыққа байланысты автор Гүлстанның үйіне барып кешірім сұрағанын, қой алып барғанын айтады.

«Тізерлеп тұрып жыладым. Ол мені аяқпен теуіп, “Шұғыла, жоғал үйімнен!” деді. Жанымды жегені – жоқшылық емес, тапталған ар мен ашық қорлық», - дейді ол.
Әйелдің сөзінше, сол мекемеде жұмыс істеген Жарқын есімді тағы бір қызметкер де жалақысыз қалғаннан кейін күйзеліске ұшырап, қайтыс болған. Көп ұзамай оның күйеуі, сондай-ақ Дамыл мен Қалбият есімді қызметкерлер де өмірден өткен.
Сондай-ақ ол Ақнәрдің анасын ішімдікке салынған, күйеуін тастап кеткен әйел ретінде сипаттайды.
«Айқын сабырлы, мейірімді адам еді. Ал Гүлстан өз қолымен бәрін қиратты. Тіпті оны 30 жасында зейнетке кетуге мәжбүрледі. Енді Гүлстан ел алдына шығып, көз жасын төгіп, өзін кінәсіз етіп көрсеткісі келеді. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын. Гүлстан, егер осыны оқып отырсаң – мен сенің ісіңмен айналысамын. Өмір – бумеранг», – дейді өз үндеуінде Қытайдағы қазақ.
Сондай - ақ, Қытайда онымен бірге жұмыс істеген қазақ әйелі үндеу жасап, Ақнәрдің анасына “эмоционалды тұрақсыз тұлғалық бұзылыс” диагнозы қойылғанын мәлімдеді.
Қытайдағы әйелдің сөзінше, 2014 жылы Гүлстан Хамитке және өзіне «эмоционалды тұрақсыз тұлғалық бұзылыс» диагнозы қойылып, екеуі де мерзімінен бұрын зейнетке шығарылған. Оның пікірінше, бұл дерт тұқым қуалайды.

«Меніңше, Ақнәр де осы ішкі күйзелісті бастан кешті», – дейді ол.
Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)