Нұрлан Жанайдың әйелі күйеуі туралы бар шындықты жайып салды
Сурет: Sadaq.kz
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі.
ТЕК ЖҮРЕГІМДІ ЕМЕС – ӨМІРІМДІ ДЕ БҰЗДЫ
Ол тек сатқын емес.
Ол – мені қарызға батырып кеткен адам.
🔒 Шоттары бұғатталған соң, көлікті менің атыма рәсімдеп, кейін ломбардқа қойып жіберді.
Енді көлік те жоқ, ақша да жоқ.
Арыз жазсам ба, жоқ па деп жүргенде, қарыз берген адамдар маған хабарласып, қорқыта бастады.
Мен екі баламен, жылап отырған әйел емеспін – қазір мен күресіп жатқан анамын.
ҚОҒАМ АЛДЫНДА – ПЕРІШТЕ, ҮЙДЕ – ТҮЙЕШІ
Жүз мыңдаған адам оның посттарын оқып, кеңесіне сеніп жүр.
Ол өзін «ақылгөй», «ерлер мен әйелдердің оятушысы», «энергиямен жұмыс істеймін» деп көрсетіп жүр.
Ал шындығында – өз әйеліне опасыз, балаларына жауапсыз, қарызға белшесінен батырып кеткен адам.
Менің үндеуім – “шындықты білмейтіндерге шын бейнесін көрсету”.
Ол енді менің күйеуім емес. Ол енді менің отбасымның бір бөлігі де емес», — деп жазды келіншек.
Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)