Ақтөбе облысында 5 адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *