Ақтөбе облысында көңілдесін сабаған әкім қызметінен қуылды

Жаңалықтар
view 85
news

Фото: mugalzhar.kz

Ақтөбе облысында көңілдесін соққыға жыққаны үшін істі болған Қандыағаш қаласының әкімі қызметінен босатылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Әйелді ұрғаны үшін айыппұл арқалаған Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сот шешіміне апелляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде үкім ішінара өзгертілді. Сот айыппұл мөлшерін азайтқанымен, жәбірленуші өкілінің шығындарына өтелетін сома ұлғайтылған.

 

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы қаулы шығарып, Қазбек Аққайырды Қандыағаш қаласының әкімі қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

 

Сот шешіміне сәйкес біз оны қызметінен босатамыз, – деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *