Әр мигранттан – 500 мың теңге: Түркістан облысында «шекара бизнесі» тоқтатылды (ВИДЕО)
Фотосурет: дереккөз
Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Топтың негізгі 4 ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің «қызметі» үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді.

Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің екі бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген дерегі жазасыз қалмайтынын ескертеді.
Пікірлер (0)