«Ақадыр-Қарағанды» учаскесінде пойыз 3 адамның өліміне себепкер болды
Фотосурет: ашық дереккөзден
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, соның салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 17 қыркүйекте сағат 00:54-те «Ақадыр – Қарағанды» учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болған. Жолаушылар пойызы 92 шақырым/сағат жылдамдықпен жүріп келе жатқан.
Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты, пойыз машинисі шұғыл тежеуді қолданғанмен, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.

Автокөлік жүргізушісі мен 2 жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді, - дейді компаниядағылар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерді теміржол өткелдерінде жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Пікірлер (0)