«Аружан үйіме қонып жүрді» - Талғарда кісі өлтірген жігіттің анасы (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Талғардағы қанды оқиғаға қатысы бар күдіктінің анасы желіге видео жүктеп, өз шындығын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, өткен сенбіде суық қаруланған бір топ адам Талғарда 2 жасар қызды алып қашып, ер адамды дүкен маңында атып кеткен еді.

Мен – Еламан Айганизовтың анасымын. Менің ұлым қолымен істегенді мойнымен көтереді. Ел алдында, Алла алдында өз жазасын өтейді. Беттен алып, төске шауып жатқан адамдардың ешқайсысы бұл жігіт неге олай істеді деп сұрап отырған жоқ. Менің балам өзімен-өзі мылтықты алып жүгіріп кетпейді, - дейді видео авторы.
Айтуынша, ол осы мәселе бойынша журналистерге талай дәлел ұсынған. Бірақ оны санатқа алған ешкім болмапты.

Шу шығарып отырған Аружаннан сұраңыз, не үшін менің балам қонына мылтық алып үйіне барғанын. Аружан – үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып, қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып, бұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт! Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын, - дейді көз жасына ерік берген әйел.
@kyzylkairat_reklama ♬ оригинальный звук - Талгар Реклама
Пікірлер (0)