Астанаға Путин келді
Жаңалықтар
37
Фотосурет: Ақорда
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Астана әуежайында Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі қарсы алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
ҚР Әуе қорғанысы күштері Ресей президенті ұшағын ел шекарасынан күтіп алып, Астана әуежайына дейін сүйемелдеп әкелді.
Мемлекеттік сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің Әнұраны шырқалды. Ұлттық киім киген арулар мәртебелі қонаққа гүл шоғын ұсынды.
Жас өрендер Қазақстан мен Ресейдің жалаушаларын желбіретіп, қошемет көрсетті.
Пікірлер (0)