Өскеменде велосипед мінген жасөспірімдерді көлік қағып кетті

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет: sputnik

Шығыс Қазақстан облысы Өскеменде жасөспірім велосипедшілерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Оқиға 27 мамырда сағат 09:30 шамасында болған. Көлік велосипедшілер колоннасын келіп соққан.

"Toyota Avensis маркалы автокөліктің жүргізушісі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірмен жүріп бара жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен велосипедшілер колоннасын соққан", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде.

Жол апаты салдарынан 6 кәмелетке толмаған велосипедші зардап шеккен. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған.

"14,15,16,17 жастағы спортшылар зардап шеккен. Жасөспірім науқастар "Ана мен бала" орталығына жеткізілді. Дәрігерлер қарауынан кейін бес бала амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Бір бала бас сүйек жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *