Әскери тәжірибе – азаматтық табысқа бастар жол
Ашвқ дереккөз
«Елге қызмет – абыройлы міндет»: Көкшетауда әскери қызмет өткерген жастарға арналған дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 5 мамыр күні сағат 15:00-де Көкшетау қаласындағы Құрылыс-техникалық колледжінің конференц-залында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери міндетін өтеген жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – әскери қызмет өткерген жастардың бойындағы дағдылар мен білімдерін ескере отырып, оларды бейбіт өмірге тиімді бейімдеу, кәсіби салада қолдау көрсету және заң мен тәртіп төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылау.
Іс-шараға қатысатындар:
Құқық қорғау органдарының өкілдері;
Әскери оқу орындары мен әскери бөлімдердің мамандары;
Әскери қызметтен оралған жастар;
Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері.
Кездесу барысында жастардың пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер ортаға салынады. Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күні аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы атынан бірқатар қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
Іс-шара туралы толық ақпарат: Байланыс: Балабеков Жеңіс
Телефон: 50-72-69
Ұйымдастырушы: Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығы
Пікірлер (0)