Сара Назарбаева ауыр халде: дәрігерлер күнін санауда

Жаңалықтар
view 1494
news

Фото ашық дереккөзден

Сары Алпысқызының өмірінің соңғы сәттері жақындап қалғанын Елбасының отбасы мүшелеріне жақын дереккөз хабарлады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер енді ешқандай көмек көрсете алмайды – Қазақстан тарихындағы ең танымал әрі ең бақытсыз әйелдердің бірі өмірінің соңында Назарбаева деген тегін тастап, өз тегіне – Қонақаеваға қайта оралған.

Сара Алпысқызы ешқашан шынайы бірінші ханым бола алмады – Назарбаев жұбайын көпшілікке жариялауға құштар болмаған. Мысалы, 2015 жылы Лондонда патшайым Елизаветамен кездесуге әйелімен емес, сол кездегі Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарып жүрген үлкен қызы Дариға Назарбаевамен барған.

Сара Алпысқызының көлеңкеде қалуының себебі кейін белгілі болды – бұл туралы Назарбаев өз кітабында жазды: президент болсаң да жүрекке әмір жүрмейді – жүрек басқа біреуді таңдады, деген.

Сара Қонақаева 1941 жылы ақпанда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Назарбаевпен шаңырақ көтерген. Кейін «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және Қазақстанның білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге талпынды. Оның бастамасымен мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні енгізілді. Бірақ кейін бұл пән оқу бағдарламасынан алынып тасталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *