ТОҚАЕВ ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІП ОРНАТУҒА КІРІСТІ

Жаңалықтар
view 39
news

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстануы нақты нәтижелермен көрініс табуда. Бұған «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуын мысал етуге болады, деп, JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұрын мұндай істерде көбіне төменгі буындағы қызметкерлердің жауапқа тартылғанын көретінбіз. Ал бұл жолы еліміздегі ірі құрылымдардың басшыларына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әрине, олардың кінәсі сот шешімімен анықталуы тиіс.

Дегенмен, бұл жағдай қоғамды ойландыруы керек. Мемлекет сеніп тапсырған активтер мен халық игілігіне арналған ресурстарды басқару – үлкен жауапкершілік. Мұндай қызметте жүрген адамдардан адалдық пен ашықтық талап етілуі заңды. Жемқорлық, ашкөздік пен жауапсыздық мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді. Сондықтан заң алдында бәрі бірдей болуы керек.

Президент ұстанған «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні де осында. Заң бұзған адам лауазымы мен дәрежесіне қарамастан жауап беруі тиіс.

Елге керегі – әділдік, жауапкершілік және жүйелі тәртіп!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *