Астана әуежайында екі жолаушы рейстен түсірілді
Жаңалықтар
66
Фотосурет: ашық дереккөзден
Астана – Ақтөбе бағыты бойынша рейс кезінде 38 және 40 жастағы Ақтөбе тұрғындары ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Ұшақ командирінің актісіне сәйкес, олар әуе кемесіне мас халде мінген және агрессивті әрекет көрсеткен. Экипаж талаптарын орындамай, қызметкерлерге бейәдеп сөздер айтқан.
Полиция мәліметінше, тексеру кезінде ер адамдар билік өкілдерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан тәртіп сақшылары оларды қол кісенімен шектеуге мәжбүр болды.
Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің мына үш бабы бойынша хаттама толтырылды:
- полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау;
- ұсақ бұзақылық;
- қоғамдық орында мас халде жүру.
Пікірлер (0)