Астанада 7 мамырдағы әскери шеруді қайдан көруге болады

Жаңалықтар
view 89
news

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Астана әкімдігінің мәліметінше, шеруге соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және тағы басқа ардагерлері шақырылды.

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:

  1.  ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
  2.  Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);
  3. Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы Astana Music Hall тұрақ аумағы (Құмыра).

Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

 

Қала тұрғындары мен қонақтары мына өзгерістерге назар аударуы қажет:

  • Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі;
  • Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет;
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтау керек;
  • Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *