Ердоған мемлекеттік сапармен Астанаға келеді
Жаңалықтар
60
Фото: әлеуметтік желі
13-14 мамыр күндері Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ
Президенттер екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтетінін жазған едік. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.
Пікірлер (0)