Астанада қаңырап бос қалған ғимараттан оқушы қыздың мәйіті табылды

Жаңалықтар
view 201
news

Сурет: Ашық дереккөзден

14 жастағы оқушының денесі Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен табылды, – деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазнетте Астанадағы қараусыз қалған ғимараттан 14 жастағы оқушының денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Марқұм – №16 орта мектептің оқушысы.

Астана Полиция департаменті ақпаратты растады.

"10 қыркүйекте Астанадағы №5 мектеп-гимназиясының жанындағы қараусыз қалған ғимаратта оқушы қыздың жансыз денесі жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған баланың мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталып жатыр. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді полиция.

Оқу-ағарту министрлігі ақпаратты анықтап, мәліметтерді кейінірек беретінін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *