Ата-ананың «бір шапалағы» түрмеге апаруы мүмкін

Жаңалықтар
view 113
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда 16 қыркүйектен бастап кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Енді ата-ананың немесе қамқоршының балаға қол жұмсауы – тіпті жеңіл шапалақ немесе белбеумен жазалау қылмыстық іс қозғауға жеткілікті негіз болады.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай әрекеттер үшін айыппұл көлемі 4 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар кінәлі ата-ана 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер екі немесе одан да көп бала зардап шексе, жаза мерзімі 3 жылға дейін артады. Сондай-ақ сот белгілі бір қызмет түрлерін атқару құқығынан айыруды да қарастырады.

Бұған дейін мұндай жағдайлар үшін ең көбі 160 АЕК көлемінде айыппұл (шамамен 630 мың теңге) немесе 40 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылатын.

Жаңа өзгерістер балалардың құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *