Ата-анасының жағдайы ауыр: БҚО-да өртеніп кеткен бес бала оқиғасы туралы тың дерек
Фото: ulysmedia
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында өрт шығып, бес баланың өмірін қиды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 4 маусым күні күндіз тіркелген. Өрт туралы дабыл құтқару қызметіне сағат 15:03-те түскен.
Өрт Жымпиты ауылындағы Қ. Сағырбаев көшесі, 8-үйде басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 15:09-да жеткен кезде үйдің шатыры опырылып түскен, ғимарат түгел отқа оранып, аспанға қою қара түтін көтеріліп жатқан. Құтқарушылар тобы үш минут ішінде үй ішіндегі адамдарды сыртқа шығарып үлгерген. Алайда балалар ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, бес бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Ең кенжесі 2023 жылы туған – жасы әлі екіге де толмаған.
Қайтыс болған балалардың ата-анасы мен жақын туыстары ауыр психологиялық күй кешіп отыр.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер (0)