Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
Фото: istockphoto.com
25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсанда Әзірбайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Аzertag агенттігінің мәліметінше Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.
Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды, 7 адам ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылды.
Пікірлер (0)