Балабақшаға кезекке тұру жүйесі өзгерді

Жаңалықтар
view 128
news

Оқу-ағарту министрлігі балаларды балабақаларға кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізді,-деп хабарлайды janabastau.kz

Енді балабақшаға баланы кезекке қою кезінде мектепке дейінгі ұйымды таңдау керек. Яғни, барынша ертерек. Бала туғаннан кейін оны бірден кезекке қою керек. Бұл ретте өтініш бергіңіз келетін балабақшаны бірден таңдайсыздар. Кейін баланың өскенін күтуіңіз керек. Кезегіңіз келген кезде балабақшаға қабылдау туралы электрондық хабарлама аласыз. Кезекке қою кезінде мектепке дейінгі 4 ұйымды таңдауға болады, - делінген хабарламада. 

Яғни Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, сондай-ақ ed24 мобильді қосымшасы арқылы баланы кезекке қоюға болады. Ата-ана баланы кезекке қойғанда бірден 4 балабақшаға дейін таңдай алады. Кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылай алады. Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта ашық түрде өтеді. бұл өзгерістегі басты мақсат жалпы кезектіліктің жойылуы болып тұр. Енді балабақшаға баланы кезекке қою кезінде мектепке дейінгі ұйымды таңдау керек. Яғни, барынша ертерек. Бала туғаннан кейін оны бірден кезекке қою керек. Бұл ретте өтініш бергіңіз келетін балабақшаны бірден таңдайсыздар. Кейін баланың өскенін күтуіңіз керек. Кезегіңіз келген кезде балабақшаға қабылдау туралы электрондық хабарлама аласыз. Кезекке қою кезінде мектепке дейінгі 4 ұйымды таңдауға болады, - делінген хабарламада. Балабақшаға қабылдаудың мынадай кезеңдері бар: 1. Кезекке қою туралы өтініш беру 2. Қабылданғаны жөнінде жолдаманы күту 3. Балабақшамен келісімшарт жасасу Бір ғана өтінішпен  4 балабақшаны көрсеттуге рұқсат етілген. Баланың кезегі бірінші орынға жылжығанда жолдама автоматты түрде беріледі.

Сауалнаманы уақтылы толтырыңыздар! Бұл процесс жыл сайын күзде кезекте тұру ниетін растау үшін жасалады. Бірақ кейбір пайдаланушы оған мән бермейді. Дәл қазір осы рәсімге қатысуыңыз өте маңызды, - делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *