Билл Клинтон Иранға қарсы соғысты сынға алды
Билл Клинтон. Фото: Spencer Platt / Getty Images
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Иран Ислам Республикасына қарсы соғыс бастауын қатаң сынға алды. Украиналық «Страна» басылымының хабарлауынша, Клинтон Нетаньяхуды бұл соғысты билікте қалу үшін әдейі бастаған деп айыптаған, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Нетаньяху көптен бері Иранмен соғысқысы келіп жүрді. Себебі бұл – ол үшін билікте мәңгі қалудың бір жолы. Ол соңғы 20 жылдың көп бөлігінде сол жерде отыр. Бірақ менің ойымша, біз бұны сабырға түсіруіміз керек. Үмітім – Президент Трамп осыны істей алады», – деді Клинтон.
Клинтон сонымен қатар, қазіргі Вашингтон әкімшілігінің бұл даулы мәселені дипломатиялық жолмен шешуін қалайтынын жеткізді.
«Біз Таяу Шығыстағы одақтастарымызға жанымызда болатынымызды және оларды қорғайтынымызды көрсетуіміз керек. Бірақ жарияланбаған, жазықсыз бейбіт тұрғындар қырылатын соғыстар – мәселенің шешімі емес», – деп түйіндеді Клинтон.
Пікірлер (0)