Цифрлық шешімдер: қағаз анықтамадан жасанды интеллектке дейін
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетіп, оның қызметінің барлық кезеңінде цифрлық шешім енгізуге арналған кешенді цифрлық экожүйе қалыптастырылуда, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бағыттағы негізгі қадамның бірі eGov business веб-порталын құрып, мобильдік қосымшасын іске қосу.
Функционалды дамыту шеңберінде қосымшаға негізгі ақпараттық жүйелер интеграцияланып, Мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі қалыптастырылған. 2025 жылғы 5 маусымда "eGov Business" қосымшасының desktop нұсқасы іске қосылды. Бұл бизнеске арналған қызметтерге кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді.
EGov Business платформасында 33-тен астам мемлекеттік қызмет пен сервис бар. Қосымша арқылы көрсетілген қызметтің жалпы саны
3 млн 580 мыңнан асып түсіп, тіркелген пайдаланушы саны
73 мың адамға жетті.
Жаңартылған интерфейсі және жетілдірілген функционалы бар қосымшаның жаңа нұсқасы шығарылды. Қолданбаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеуге болады.
Қазіргі уақытта платформа мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі бойынша мәліметтерді біріктіруге дайын. Бұл кәсіпорындарға кешенді ақпарат алуға және бірыңғай цифрлық кеңістікте қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, порталда отандық өндірушілерге жаңа тауашалар мен өткізу нарығын табуға мүмкіндік беретін қызмет маркетплейсі құрылады. Сонымен қатар, веб-портал мен мобильді қосымшаны жаңғырту жүргізіліп, бизнеске арналған сервис тізбесі кеңейтілуде. Кәсіпкерлік саласында заманауи цифрлық талдау қалыптастырылып жатыр.
"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ холдингінің еншілес ұйымдарындағы процестерді цифрландыруға ерекше назар аударылады. Мәселен," Аграрлық несие корпорациясы " АҚ өтінімдерді қабылдау үшін agronesie.kz порталын, agrocredit мобильді қосымшасын, ақпараттық қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өткен ішкі ВРМ-жүйесін енгізді.
Корпорацияның сервистері 90-нан аса мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген. Бұл бірқатар құжаттың қағаз нұсқасынан бас тартуға мүмкіндік берді.
2025 жылғы қаңтардан бастап "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ Smart-10 онлайн-кредиттеу жүйесін пилоттық режимде іске қосып, сәуірден бастап, оны бүкіл филиалдық желіге таратты. 1 шілдеге қарай сервис Smart-30, Smart-50 және "Кең Дала" бағдарламасын қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша іске қосылып, аграрлық кредиттеуді цифрландырудағы маңызды қадам болды.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ небәрі 10 минут ішінде ауыл шаруашылығы техникасының лизингі өтініміне шешім алуды қамтамасыз ететін инновациялық цифрлық сервисті енгізді. Жасанды интеллект технологиясына негізделген жүйе құжатты автоматты түрде таниды және белгілі бір шарттар орындалған кезде оларды жедел қарауға жібереді.
Сервисті танымал ету үшін өңірлерде көшпелі презентациялар өткізіліп, аграршыларға оның мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл ретте өтінімдердің дәстүрлі қағаз форматы да сақталады.
Жаңа сервисті іске қосу "ҚазАгроҚаржының” цифрлық трансформациясы бағдарын жалғастырды. 2024 жылы компания ЖИ қолданылатын, лизингтік техниканың онлайн-мониторингі жүйесін енгізді.
Бұл көшпелі тексеруден қашықтықтан бақылауға көшуге мүмкіндік беріп, жұмыс тиімділігін арттырды.
Ұлттық экономика министрлігі мен даму институттары қабылдайтын цифрландыру жөніндегі кешенді шаралар Қазақстанда бизнес-процестерді неғұрлым ашық, жылдам және қолжетімді ететін заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырады.
Пікірлер (0)