«Дамбал сатуға кетіп барамын...»: Жас қаламгер ақын-жазушыларды сынаған журналиске шүйлікті

Жаңалықтар
view 230
news

Коллаж: todayinfo.kz

Атыраулық жас жазушы Бақытгүл Сәрмекова күні кеше әлеуметтік желіде қаламгерлерді қатаң сынға алған белгілі журналист Нәзия Жоямергенқызына жауап ретінде жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сәрмекованың сөзінше, жазушы да биші, суретші, әнші сияқты көркем өнер иесі, дәрігер, жүргізуші, құрылысшы, кәсіпкер, мұғалім сияқты қарапайым мамандық иесі.

«Үндемеуге қақым бар!»

Жазушылар арамтамақ, өкімет асырамасын, кітаптары боққа керек емес, мынандай проблемада бас көтеріп, ештеме айтпады, бұғып жатады» деп жатыр ғой. Мен де жазушымын, кәдімгі одақ мүшесімін, куәлігім бар. Бірақ өз күнімді өзім көріп жүрген саудагермін, мен сияқты қаншама жазушы бірі базарда, бірі оптовик, бірі құрылыста, бірі тамақ пісіріп жұмыс жасап жатыр. Ай сайын өкіметке налог та төлеп отырмын. Ал кейбір мәселелерде үн қоса алмасам, журналист Нәзия Жоямергенқызы құсап шындықты шырылдап айта алмасам - қорқақтығым, жалтақтығым емес. Үндемеуге қақым бар, шыж-быж болып науқан сайын шырылдай беруге міндетті емеспін. Халықтың адамы емессің бе дейтін шығарсыз?! Жазушы да биші, суретші, әнші сияқты көркем өнер иесі, дәрігер, жүргізуші, құрылысшы, кәсіпкер, мұғалім сияқты қарапайым мамандық иесі. Менің де ішімді қаритын, жаныма бататын, шындығына басым жетпейтін, әлім келмейтін қоғамның мәселелері бар. Бірақ «анау ойбайлапты, мен де ойбайлайын» деген принципте емеспін. Ол айқайдан, ойбайдан шығатын нәтиже жоқ екенін де ақылы бар адам біледі. Айқайлау - науқан, бір реттік күрес. Ал Оруэльдің «1984» кітабы сияқты бәлен ғасырда актуальдігін жоғалтпайтын, қоғамның қай этапына өтсе де күресе беретін шығарма әкелу - мыңжылдық күрес, - деп жазды жас жазушы.

«Салыстыратын зат па осы?!»

Оның пікірінше, әлеуметтік желіге ойбайлап жазған жазбаңды ел есінде ұзақ уақыт сақтамайды. Оның орнына уақыт шындығын суреттейтін көркем шығарманың жазылғаны жөн.  

Мысалы, Қанат Әбілқайыр «Ағыраптағы аты жоқ адам» деген кітап жазды, Шаңырақ оқиғасы туралы. Сол кезде аттандап ешқайда шықпады. Дәл уақытында халыққа қолдауға бармаған шығар, бірақ уақыт өтсе де сондай оқиға болғанын, қателік кеткенін неше жыл бойы еске салып отыратын кітап шығарды? Ал науқанға ілесіп шулағандар, айқайларың неше айға, неше жылға жетеді? Әлеуметтік желіге ойбайлап жазған постыңды ел есінде неше күн сақтайды? Салыстыратын зат па осы?

Жыныма тимеңдерші, өзім онсыз да «Утяжка дамбалдың бір размер кішісін алсам жақсы тарта ма іштегі майымды?» деп отырған халықтың бір өкілі - ақымақ қатынмен айқайласып дамбал сатуға кетіп барам, - дейді Бақытгүл Сәрмекова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *