"Дәрігерлер анықтай алмай жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова түсініксіз дертке шалдыққанын айтты
Сурет: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
"Дәрігерлер анықтай алмай жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова түсініксіз дертке шалдыққанын айтты. Өнер иесі сот жүйесінің созылуы денсаулығына кері әсер еткенін жасырмады. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
"Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар", – деп жазды актриса.
Сондай-ақ сырқаты мен сот процесі қатар келіп, жұмыстан өз еркімен кеткенін де айтып берді.
“Былтырғы сот процесі қажытып, жұмыстан өз еркіммен кеттім. Күйзелісте жүріп, эфирге шыға алмадым. Көрерменді алдай алмайсың. Екі ұлым менің жағдайыма алаңдап, студияға келіп отыратын. Сол үшін де жұмыстан шығуға тура келді. Соңғы кезде ғана сот процесін ашық жаза бастадым. Оның екі себебі бар: Бірі, мен айдан анық істе жеңіліс табамын деп ойлаған жоқпын. Екіншісі, онсызда әбден шаршаған балаларымның көңіліне қаяу салғым келмеді”, – деп жазды киножұлдыз.
Пікірлер (0)