«МузАрт тобына ескерткіш қою керек»: экс-депутат күтпеген ұсыныс айтты

Жаңалықтар
view 20
news

Фотосурет: дереккөз

Экс-депутат, журналист Мақсат Толықбай МузАрт тобының қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, өнер ұжымына арналған аллея мен мүсін орнату туралы ұсынысын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Оның пікірінше, әсіресе 2000-жылдары жастардың бір бөлігі Ресей мен Батыс мәдениетіне еліктей бастаған тұста МузАрт ұлттық өнерге бетбұрыс жасауға ықпал еткен.

«Мен үнемі айтып жүремін. Әсіресе 2000-жылдары жастарымыз Ресей мен Батысқа еліктеп бара жатқан кезде біраз жастың бетін бері қайтарған – МузАрт тобы. Кейін МузАртқа еліктеп көптеген топ құрылды. Сондықтан бұл ұжымды қазақ эстрадасына революция алып келген топтардың бірі деп айтуға болады», – деді Мақсат Толықбай.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерді МузАрт тобының құрметіне аллея салу бастамасын қолға алуға шақырды.

«Бұл идеология тұрғысынан маңызды дүние деп ойлаймын. Жақында бір тұрғын үй кешеніне МузАрттың аты беріледі. Сол жерге МузАрт тобының мүсінін қоюды ойластырып жатырмыз», – деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *