ҰҚК алаяқтыққа қатысы бар Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады

Жаңалықтар
view 16
news

Фотосурет: дереккөз

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) алаяқтық колл-орталықтардың заңсыз қызметінің жолын кесу барысында Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдеде жүргізілген іс-шаралар барысында ұсталған шетел азаматтарына қатысты Корея Республикасының құқық қорғау органдары қылмыстық іс тергеп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған, - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *