«Домбыраны өткізуге болмайды» деп қақылдап кетті»: Мақпал Жүнісова наразылығын білдірді

Жаңалықтар
view 113
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әуежайда болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Оның айтуынша, ұшаққа мінер алдында домбыраны өткізу мәселесі тағы да қиындық туғызған. 

“Әуежайға келдік. Тағы да айқай-шу басталды. Тағы бір қыз келіп, ‘домбыраны өткізуге болмайды’ деп қақылдап кетті. Бұған тағы да ақша төлейсіз дейді. Депутаттар шешкен сияқты еді, анығын кім біледі?” – деді әнші. 

Бастапқыда жағдайға реніш білдірген өнер иесі кейін әуежай қызметкерлерімен келісімге келген. Нәтижесінде домбыраны ұшаққа өткізу үшін 5 мың теңге төлеген.

“Жүйкеміз орнына түсті. Домбыраға бес мың теңге ақша алды. Осы жолы арзан алды. Ана жолы 65 мың теңгеге шапка мен домбыраға билет алып едім. Бұл жолы өте арзан екен”, – деп әзілдеді халық әртісі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *