Ел президентінің бүгінгі Жолдауын жүзеге асыру үшін талмай тер төгуіміз керек
Мемлекет басшысы өз Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану турлы атап өтті.
"Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуы тиіс" - деген Президент көп аймақта жол құрылысының сапасы сын көтермейтінін де тілге тиек етті.
Осы мәселеге қатысты бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек екенін айтқан Қ.К. Тоқаев тіршілігіміздің күретамыры жолдарды жөндеудегі кемшіліктердің өз бақылауында болатынын жеткізді. Жас қаламызда 185 шақырымнан артық қалаішілік жол бар екенін ескерсек біз үшін де жолдарымыздың сапалы болуы маңызды.
Қала мәслихатының жол құрылысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі ретінде Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасы әрдайым бақылауымда болады. Сайлаушыларымыздың да тілегі осы. Ел Президентінің бүгінгі Жолдауын жүзеге асыру үшін талмай тер төгуіміз керек.Нұрдәулет Қасенов, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты
Пікірлер (0)