Елдегі мектептерде сабақ уақыты ауысуы мүмкін

Жаңалықтар
view 123
news

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне орай мектепте сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz. Министр уақыт өзгерісі мектептердегі оқу процесіне қалай әсері етуі мүмкін екенін айтты. "Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға әкімдіктерге мүмкіндік береміз, ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, 8:00-де сабақ басталатын мектептер сағат 8:30-да бастай алады және т.б. Мұнда әрбір ұйым мен әкімдікте дербес шешім қабылдауға болады Еске сала кетейік Қазақстанда еліміздің барлық аумағында 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізілетінін еске сала кетейік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *