Әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет

Жаңалықтар
view 88
news

Қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай, Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов бір топ сала мамандарына алғыс хат табыс етіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгінде республикада әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етеді. Әлеуметтік кодекс аясында әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі өседі. Осы мақсатта оларды оқыту және оларға санаттар бере отырып, одан әрі сертификаттау көзделген. Ал 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне орай, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институтының құзіретіне осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша қосымша шарттар енгізілді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 639 тексеру жүргізген: оның 292-сі профилактикалық бақылау, 347-cі жоспардан тыс тексерулер. Мемлекеттік бақылаумен 174 мектеп, колледж мен балабақша, 115 жергілікті атқарушы органдардың облыстық және аудандық бөлімдері, 76 басқарма және жұмыспен қамту бөлімдері, 24 дүкен, 22 сауда орталығы, 45 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 70 емхана, аурухана мен дәріханалар, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 банк, 4 Қазпошта бөлімшесі, 4 ЖШС, 4 спорт ұйымы, 12 санаторий, 5 кафе, 2 шаштараз және т.б. қамтылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шымкент қаласы тұрғынының (1 топтағы мүгедектігі бар адам) өтініші негізінде «Санаторий Grand LES» ЖШС, «Арман санаторийі» АҚ, «Sanatoriya «Nur-Asyl» ЖШС санаторийлерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін профилактикалық бақылау барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 9 айында 1 268 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 875 ұйғарым беріп, жалпы сомасы 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=361236246303296&set=pcb.361236296303291

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *