Елімізде радио мен телеарналардың жұмысы уақытша тоқтайды
Жаңалықтар
29
Фото: iStock
Биыл 16 қазанда түнгі сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Қазақстанда радио мен телеарналардың жұмысында үзіліс орнайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Қазтелерадио» компаниясының мәліметіне сүйенсек, осы аралықта жоспарлы профилактика өтеді.

2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсерік, цифрлы және баламалы эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактика өтеді. Осы кезде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтайды, - деп хабарлайды компаниядан.
Компания тоқсан сайын осындай профилактика өткізіп отырады.
Пікірлер (0)