БҚО-да азық-түлік төмен бағамен сатылып жатыр

Жаңалықтар
view 39
news

Фото: Gov.kz

Орал қаласы мен аудандарда 25 қыркүйек-31 қазан аралығында «Береке Fest» республикалық акциясы өтуде. Іс-шара облысы әкімдігі мен сауда желілері арасындағы меморандумдарға сәйкес ұйымдастырылуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Акция облыс әкімдігі мен сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен, «Алтындар», «Дина», «Анвар», «Социальный», «Nazel», «Пешеход», «Пайда», «Манго» сауда желілерінің қатысуымен өткізілуде. Аталған сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмендетілген бағаларлармен сатылуда. Іс-шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, қазақстандық өндірушілерді қолдауға және отандық өнімді тұтынуды ынталандыруға, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

«Береке Fest» акциясы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен өтіп жатыр. Жеткізушілермен арадағы келісімшарттар мен жергілікті әкімдіктердің қолдауына байланысты өнімдер нарық бағасынан төмен сатылуда. Науқан Республика күні мерекесіне орайластырылып отыр. Осылайша ұлттық бірлік пен экономиканың тұрақтылығы үшін отандық өндірістің қаншалықты маңызды екені көрінеді» делінген облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратында.
Жайық пресс сайтынан

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *