Даму ерекшеліктері бар 40 мыңнан астам бала жаңа орталықтарда медициналық көмек алды
Фото: BAQ.KZ
Биыл маусым айынан бастап емханалардың базасында ашылған Даму және ерте араласу орталықтарының (ДЕАО) құрылымында 40 мыңнан астам даму ерекшеліктері мен қиындықтары бар балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде балалар денсаулығын сақтау қызметін нығайту саясатын жүйелі түрде іске асырып келеді.
Педиатриялық бөлімшелердің құрылымына мыналар кіреді:
педиатрлардың кабинеттері,
Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО),
аудиологиялық скрининг кабинеті,
егу кабинеті,
тамақтану жөніндегі ресурс орталығы,
мектеп медицинасын дамыту кабинеті.
Қазіргі таңда ел бойынша 234-тен астам ерте араласу орталығы ашылған. Бұл орталықтарда даму ерекшеліктері мен қиындықтары бар балалар педиатр, реабилитолог, логопед, психолог және басқа да мамандардан құралған мультидисциплиналық топтың уақтылы қолдауын алады.
Іске асырылып жатқан шаралар:
баланың денсаулығы мен дамуына қауіп төндіретін медициналық және әлеуметтік қауіптерді ерте анықтау мен жоюға;
бұзылыстарды ерте диагностикалау мен түзетуге;
патронаждық және профилактикалық көмекті күшейтуге мүмкіндік береді.

Біз баланы туғаннан бастап мектепке дейін қолдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастырамыз. Ерте араласу әрбір отбасына баланың дамуындағы қиындықтарды уақтылы байқауға және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінде.
Пікірлер (0)