Қор биржасында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге қымбаттап, 538,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,77 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,01 теңгеден сатып алынады, 542,25 теңгеден сатылады. Еуро 622,37 — 627,41 теңге, ал рубль 6,62 — 6,75 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,87 теңгеден сатып алынады, 78,58 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 538,54 теңгеден сатып алынады, 544,57 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 622,51 теңге, сату — 630,54 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,64 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 75,88 теңге, сату — 79,78 теңге.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *