Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
72
Фото: Ақорда
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездескен болатын.
Мемлекет басшысы жақында Ресейге сапармен баратынын айтты.
Владимир Путин Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.
Пікірлер (0)