Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы басталды

Жаңалықтар
view 89
news

Фото: «Хронология Кантара» д/ф кадр

Алматы қалалық соты «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымды қарау жабық режимде өтеді.

Еске салсақ, Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған. Оған атыс қаруын заңсыз сақтау және жаппай тәртіпсіздікке қатысу баптары бойынша айып тағылды. Сондай-ақ «Дикий Арманның» ұйымдасқан тобының бес мүшесі де қамауға алынған.

Бас прокуратураның мәліметінше, қарулы адамдар Арман Жұмагелдиевтің нұсқауымен 24 бейбіт тұрғынды — кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды ұрлап, күштеп ұстап отырған.

Сот Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырған.

Бұл қылмыстық іс 2022 жылғы қайғылы оқиғалардан кейінгі ең ірі істердің бірі саналады. Айыпталушылар орындығында 42 адам отырған, олардың барлығына Қаңтар оқиғасына қатысу немесе оны ұйымдастыру айыбы тағылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *