Газа секторындағы бейбітшілік: Байден Трамптың еңбегін жоғары бағалады

Жаңалықтар
view 97
news

Фото: Kenny Holston / Reuters

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джо Байден X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Дональд Трампты Газа секторында бейбітшілікке қол жеткізгені үшін мақтап қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Соңғы 20 тұтқынның адам төзгісіз қиындықтардан кейін отбасыларымен қайта қауышқанына қуаныштымын. Сондай-ақ Газа тұрғындары енді өз өмірін қайта қалпына келтіре алады. Олар қатты шығындалды, – деп жазды экс-президент.

Сондай-ақ Байден Таяу Шығыс қазір бейбіт өмір жолына түскенін айтты. Бұл бейбітшілік ұзаққа созылып, израильдіктер мен палестиналықтар үшін тең мүмкіндіктер мен қауіпсіздік әкеледі деп үміт білдірді.

Байденнің айтуынша, бұл келісімге жету оңай болмаған.

Менің әкімшілігім тұтқындарды босату, палестиналықтарға көмек көрсету және соғысты тоқтату үшін тынымсыз еңбек етті. Президент Трамп пен оның командасының осы істегі еңбегін жоғары бағалаймын, – деді Байден.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *