Енесі күйеуі қайтыс болған әйелді 3 айлық қызымен пәтерден қуып жатыр
Фотосурет: дереккөз
Әлеуметтік желіде адвокат Бибінұр Мұратова жас ана Әсем Абдуахатованың мүддесін қорғап жүргенін айтып, оның оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы Kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Әйел жүкті кезінде күйеуі кенет қайтыс болған. Әсем қызы дүниеге әкелгеннен кейін марқұм күйеуінің анасы оны сәбиімен бірге, күйеуі тірі кезінде сатып алынған пәтерден шығаруға тырысып отыр.
Адвокаттың айтуынша, пәтерді Әсем мен оның күйеуі бірге таңдаған. Күйеуі пәтерді өзінің анасына рәсімдеуді жоспарлаған, өйткені ол ипотека рәсімдеуге тұрақты зейнетақы жарналарын төлей алмайтын.

Мұндай жағдайдан қорқып, Әсемнің күйеуі нотариустың алдында анасына бастапқы жарна сомасын қарыз ретінде берген. Қазір Әсем мен 3 айлық қызы Алана пәтерден айырылып қалу қаупімен бетпе-бет тұр. Өйткені енесі формальды түрде құжаттар өзінің атына рәсімделгенін сылтау етіп, пәтерді өзіне алғысы келеді, – деп жазды адвокат.
Пікірлер (0)