Қазақстанда 10 жылда 41 мыңнан аса адам ұлтын ауыстырған

Жаңалықтар
view 107
news

Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі соңғы 10 жылда паспорттар мен жеке куәліктердегі ұлтты өзгертуге 41 545 өтініш түскенін хабарлады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі NewTimes.kz редакциясының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ІІМ деректеріне сәйкес, азаматтардың ең көп жасаған өзгерістері:

  • орыс ұлтынан неміс ұлтына 743 рет;
  • өзбектен қазаққа 354 рет;
  • орыстан украинға 300 рет;
  • украиннан орысқа 246 рет.

Ал орыстан қазаққа ұлт ауыстырғандар бар болғаны 11 адам. Мұндай мәліметті 2024 жылы Paryz.kz басылымы жариялаған.

Жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлтты өзгертуге ниет білдіргендер саны:

  • 2021 жылы 3 254 адам;

  • 2022 жылы 3 363 адам;

  • 2023 жылы 3 366 адам;

  • 2024 жылы 2 158 адам.

ІІМ атап өткендей, Қазақстан Конституциясы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, әрбір азамат өзінің ұлттық тиесілілігін анықтауға және көрсетуге не көрсетпеуге құқылы.

Паспорттар мен жеке куәліктерде ұлтын көрсету ерікті саналады және ол тек адамның қалауымен іске асады. Жазбаны өзгерту тек ата-анасының ұлттары шегінде мүмкін, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары бұдан тыс жағдайда да өзгерте алады, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, ІІМ-де этностық топтар бойынша бөлек статистика жүргізілмейтіні, тек жалпы өтініштердің саны есепке алынатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *